Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезіндегі жұмыс және материалдар сапасына өндірістік сараптама ұйымдастыру қағидалары
Автомобиль жолдары активтерінің сапасы жөніндегі ұлттық орталықтың автомобиль жолдарын салу, қайта құру, жөндеу және күтіп ұстау кезіндегі жұмыс және материалдар сапасына сараптама жүргізу тәртібі.
1. Сараптама осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарына сәйкес Тапсырыс беруші мен Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы арасындағы сараптама келісімі негізінде жүзеге асырылады.
2. Сараптама оны өткізуге қолайлы, сараптаманың нәтижелері дәл шықпауын болдырмайтын климаттық жағдайларда жүзеге асырылады.
3. Сараптама жүргізу мақсатында Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы сараптама жүргізудің жоспар-кестесін әзірлейді, ал Тапсырыс беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бекітеді.
4. Кесте Тапсырыс берушінің және Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының интернет-ресурстарында орналастырылады.
5. Жоспарлы сараптама қатаң түрде жоспар-кестеге сәйкес жүзеге асырылады.
6. Жоспардан тыс сараптама:
-
жолдарды салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау кезіндегі жұмыстар мен материалдарға Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының теріс қорытындысы болған жағдайда, осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша;
-
уәкілетті органның тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.
7. Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы, сараптама жасау аясында:
-
қолданыстағы салалық нормативтік-техникалық құжаттармен регламенттелетін сынақтар мен өлшеу әдістеріне сәйкес, сертификатталған, тексерілген және Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсаты бар құралдарды, өлшеу құралдары мен жабдықтарды қолдана отырып, сараптама жүргізеді;
-
сараптаманы 10 (он) жұмыс күні ішінде жүргізіп, қорытынды шығарады;
-
жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша тапсырыс беруші мен мердігерге қорытынды жібереді;
-
бұзушылықтарды тапсырыс беруші сараптама қорытындысына сәйкес жою жөнінде шаралар қолданбаған жағдайда, тиісті шаралар қабылдау туралы уәкілетті органды хабардар етеді.
8. Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы сараптама жасау аясында:
-
сараптама жүргізу мақсатында өндіріс объектілерінде кедергісіз бола алады;
-
автомобиль жолдары саласындағы уәкілетті органның техникалық және кадрлық ресурстарды, материалдар мен жабдықтарды, сондай-ақ өндіріс объектілерінде орындалған жұмыстарды есепке алу саласындағы өкілінің функцияларын орындайды;
-
қажет болған жағдайда жобалық, техникалық және орындаушылық құжаттамамен танысады.
9. Тапсырыс беруші сараптама жасау аясында:
-
осы Қағиданың 7-тармағында көрсетілген жоспар-кестені бекітеді;
-
сараптама жүргізу кезеңінде мердігерлердің, техникалық қадағалаудың және мүдделі тараптардың өкілдерінің келуін қамтамасыз етеді;
-
Жол активтерінің сапасы жөніндегі ұлттық орталығының жұмыс объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
-
жобалық, техникалық және орындаушылық құжаттарын ұсынады;
-
мердігердің жол активтерінің сапасы жөніндегі ұлттық орталық қорытындысында көрсетілген бұзушылықтардың орындауына бақылау жасайды;
-
теріс қорытынды алған сәттен бастап Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы мердігерлік шартқа сәйкес мердігерге ықпал ету шараларын қолданады;
-
мердігердің сараптамалық қорытындыға сәйкес бұзушылықтарды жою нәтижелері бойынша 2 (екі) жұмыс күні ішінде Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы жазбаша түрде хабардар етеді.
-
Жол активтерінің ұлттық сапа орталығымен бірлесіп жоспар-кестеге түзетулер енгізеді;
-
сараптаманың қорытындысымен танысады;
-
өтініш беру арқылы қайта сараптама жүргізеді.
10. Мердігер, сараптама жүргізу аясында:
-
сараптама жүргізу үшін Жол объектілерінің ұлттық сапа орталығының жұмыс жасалатын объектіге кіруін қамтамасыз етеді;
-
сараптама жүргізу кезеңінде Жол активтерінің ұлттық сапа орталығына жобалық, техникалық және атқарушылық құжаттаманы береді;
-
сараптама қорытындысына сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолданады.
-
сараптаманың қорытындысымен танысады;
-
тапсырыс берушіні және Жол активтерінің ұлттық сапа орталығын жазбаша хабардар ете отырып, қайта тексеру өткізуге бастама жасайды.
11. Сараптамалық қорытындыда:
-
жұмыс жүргізілген объектінің атауы;
-
тапсырыс берушінің, мердігердің, техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың атауы;
-
іс-шара болған күнді және сараптама жасау мерзімін көрсете отырып, сараптама негіздемесі;
-
сараптаманың регламенттейтін нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес ресімделген қорытындылары;
-
сараптаманың тікелей орындаушының, Жол активтерінің ұлттық сапасы орталығының мөрімен расталған Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының басшысының қолдары болуы керек.