«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК 2019 жылы құрылды және Қазақстан Республикасының «Автомобиль жолдары туралы» Заңына сәйкес қызмет бағыттарының бірі автожол саласына жаңа технологиялар мен материалдарды енгізу болып табылады.
«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК 2019 жылы құрылды және Қазақстан Республикасының «Автомобиль жолдары туралы» Заңына сәйкес қызмет бағыттарының бірі автожол саласына жаңа технологиялар мен материалдарды енгізу болып табылады.
Осыған байланысты «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК жол конструкцияларының материалды қажетсінуі мен өзіндік құнын төмендетуге, жол жамылғысының конструкциялық қабаттарының беріктік сипаттамаларын арттыруға, қазіргі заманғы машиналар мен механизмдерді енгізуге, құрылыс және жобалау әдістерін жетілдіруге бағытталған автомобиль жолдарын салу (реконструкциялау), күрделі жөндеу, жөндеу және күтіп-ұстау саласында жаңа технологиялар мен материалдарды енгізу бойынша әлеуетті өнім берушілерді жемісті ынтымақтастыққа шақырады. Сондай-ақ жасанды құрылыстарды салудың/жобалаудың өзіндік құнын, іске асыру мерзімін азайту және жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру үшін заманауи әдістерті қолдану.
Сонымен қатар, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК ғылыми-зерттеу институттарын, жоғары оқу орындары мен ғылыми қайраткерлерді ғылыми жаңалықтардың, зерттеулердің және автожол саласын дамытудың ұсыныстары бойынша ынтымақтастыққа шақырады.
Жаңа технологиялар мен материалдарды енгізу «Жаңа технологиялар мен материалдарды енгізу, сондай-ақ тәжірибелі телімдерді сүйемелдеу нұсқаулығы, тәртібі және есепке алу» ҚР ЕР 218-182-2021 бойынша жүзеге асырылады.
Жаңа технологияларды енгізу үш кезеңде жүзеге асырылады:
I кезең. Өнім берушілердің инновациялық технологиялар мен материалдарды енгізу жөніндегі ұсыныстарын қарау (технологияның техникалық сипаттамасын, презентацияларды, растайтын құжаттарды ұсыну және т.б.).
II кезең. Тәжірибелік-эксперименттік енгізу, келесі ретпен:
1) Өнім берушінің жазбаша өтініші (анықтама ретінде: инновациялық өнімді өндірушілердің/әзірлеушілердің ұсынысы);
2) Техникалық кеңестің отырысын қарау және өткізу үшін құжаттама пакетін ұсыну болып табылады:
- экологиялық қауіпсіздік (Экологиялық қорытынды);
- жол қозғалысы қауіпсіздігі (қажет болған жағдайда);
- сапаны қамтамасыз етуді растау (анықтама ретінде: сынақ хаттамалары, зертханалық зерттеулер мен тәжірибелік телімдерді заттай бақылау нәтижелері, дәстүрлі техникалық шешімдермен және баламалы түрлермен салыстырғанда талдау және артықшылықтар, сәйкестік сертификаттары, жол төсемінің есептері, ғылыми, жобалық басқа да ұйымдардың қорытындылары және басқа да негіздеуші материалдар);
- тәжірибелік-эксперименттік енгізу кезінде технологиялық қолдану жөніндегі ұсыныстың техникалық сипаттамасы;
- шығындарды үнемдеуді растайтын немесе осындай үнемдеу үшін жағдай жасайтын техникалық-экономикалық негіздеме (анықтама ретінде: дәстүрлі тәсілмен нұсқаларды және физикалық-механикалық қасиеттері мен жұмыстардың/материалдардың құны бойынша балама түрлерін талдау, салыстыру және т. б.);
- техникалық кеңесті өткізу үшін презентациялық материал.
3) нәтижесі бойынша тәжірибелік-эксперименттік енгізуге мақұлдау немесе дәлелді бас тарту берілетін Техникалық кеңест отырысын өткізу;
4) тәжірибелік-эксперименттік енгізуге жоспарланатын инновациялық әзірлемелердің тізбесіне енгізу (анықтама ретінде: әрбір сынамаланатын инновациялық өнім үшін тәжірибелік учаскелердің ұзақтығын және дислокациясын көрсете отырып);
5) автомобиль жолдары мен олардағы жасанды құрылыстарды салу, жөндеу және күтіп ұстау кезінде республиканың әртүрлі өңірлерінде тәжірибелік учаскелер салу арқылы инновациялық өнімді сынақтан өткізу (анықтама ретінде: сынақтан өткізу ғылыми-техникалық және техникалық сүйемелдеумен жүргізіледі, оның ішінде зерттеу, мониторинг, қорытынды, нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу/түзету);
6) тәжірибелік учаскені зерттеу мен мониторингінің оң қорытындысы;
III кезең. Сынақтан өткен технологиялар мен материалдарды енгізу
1) ЖСҚ әзірлеу тапсырмасына сәйкес жобалық-сметалық құжаттамаға немесе жобаға инновациялық өнімді енгізу;
2) ЖСҚ сараптамасы және бекіту;
3) Бекітілген жобалық-сметалық құжаттамада немесе жобада көзделген техникалық шешімдерді іске асыру.
Барлық сұрақтар бойынша Сіз «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК-ға info@sapaortalygy.kz. email-на жазбаша өтініш жолдай отырып, байланыса аласыз (байланыс деректері: Досаев Нұржан Ғылымбекұлы- Ғылым және жаңа технологияларды енгізу департаментінің директоры, тел.: 87085994869, Чжен Павел Андреевич - Жаңа технологияларды енгізу бөлімінің бастығы, тел.: 87051060078).