Жол саласы қызметкерлері арасында волейбол және шағын футболдан республикалық турнир
Жол саласы қызметкерлері арасында волейбол және шағын футболдан республикалық турнирОсы жылдың 28-29 қазанында Қазақстанның үш қаласында волейболдан және шағын футболдан Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының кубогы үшін республикалық турнирдің аймақтық ойындары өтуде. Еліміздің барлық облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 22 команда (+250 адам) қатысуда. Олардың қатарында ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті, Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы, ҚазАвтоЖол, «Мемсараптама» РМК, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, ҚазЖолҒЗИ қызметкерлері бар.
Аймақтық ойындар Тараз, Ақтау, Өскемен қалаларында өтуде. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 25-26 қарашада Астанада өтетін финалда кездеседі.
Турнирдің мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, жол саласы қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұжымдық қарым-қатынасты орнату.