"Қазақстандағы автожол саласы: 30 жылдағы жетістіктер" байқауының жеңімпаздары анықталды
Байқау комиссиясының шешімімен журналистер арасындағы "Қазақстандағы автожол саласы: 30 жылдағы жетістіктер" байқауының жеңімпаздары анықталды."Баспа басылымындағы үздік мақала" номинациясында бірінші орынды Ержан Қожас, екінші орынды Фархат Әміренов, Самат Нарегеев иеленді.
"Интернет-басылымдағы үздік жарияланым" номинациясы бойынша бірінші орынды Мөлдір Бекбергенова, екінші орынды Серік Сабеков, үшінші орынды Нұргүл Исмағұлова иеленді.
"Әлеуметтік желілердегі үздік жарияланым" номинациясында бірінші орынды Алтынбек Құмырзақ, екінші орынды Еркежан Айтқазина, үшінші орынды Мөлдір Ибадуллаева иеленді.
"Үздік телевизиялық материал" номинациясында бірінші орынды "Qazaqstan" телеарнасының ұжымы, екінші орынды "Хабар – 24" телеарнасы, үшінші орынды "Saryarqa" телеарнасы иеленді.
Естеріңізге сала кетейік, байқау Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өтті. Оған 240 жұмыс қатысты. Байқау комиссиясының төрағасы, белгілі қазақстандық журналист Зейн Әліпбектің пікірінше, іс-шара жоғары деңгейде өтті.
"Біз барлық материалдарды зерттедік. Шешім оңай болған жоқ, өйткені барлық жұмыстар сапалы және талаптарға сай болды. Әр қатысушы байқауға және берілген тақырыпқа ерекше жауапкершілікпен қарады. Жалпы, БАҚ өкілдерінің жол саласын дамытуға деген қызығушылығы жыл сайын артып келе жатқаны қуантады. Мысалы, егер 2019 жылы 107 материал келіп түссе, биыл материалдар саны екі еседен астам өсті", – деп атап өтті Зейн Әліпбек.
Байқау комиссиясының құрамына беделді журналистер мен медиа-менеджерлер кірді: ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары Дәулетхан Жиенқұлов, ҚР Мемлекеттік хатшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ержан Байтілес, "Нұр Сұңқар", "Ақпарат саласының үздігі" сыйлықтарының иегері, белгілі журналист Мұхит Ықылас және тәуелсіз блогер Ерол Мәндібек.