Жолшылар Астана қаласындағы РФММ оқушыларына кәсіптік бағдар беру шарасын өткізді
Болашақ түлектерге жол мамандығы туралы ақпарат беру мақсатында ҚР ИИДМ «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Бас директоры Замир Сағынов Астана қаласындағы РФММ кәсіби бағдар беру шарасын өткізді. Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары жолшы мамандығының артықшылықтарын, жол саласындағы кадр тапшылығы және жалпы еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар туралы білді. Замир Сағынов өз кәсіпорнының жұмысы және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, еңбек жолында өсу туралы айтып берді. Студенттер жол мамандығына қызығушылық танытып, еліміздегі жолдардың сапасын тексеретін ЖАҰСО зертханаларына баруға ниет білдірді.
Бұл кездесуді өткізу кәсіби бағдар беру бойынша «2000 мектеп» акциясын жүзеге асырудың бір бөлігі болып табылады. Орталық қызмет еткен жылдары Қазақстанның 5000-нан астам мектептерiнде үгiт-насихат жұмыстарын жүргізді. (2020 ж. – 1153 мектеп, 2021 ж. – 1389 мектеп, 2022 ж. – 2566 мектеп).