Заң департаменті
Департамент директоры
Шунаева Малика Нуржанқызы
«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Заң департаментінің құрамында 3 бөлім бар: Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі, Кадр және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі, Сатып алу және келісімшарттар бойынша қолдау бөлімі.
Заң департаментінің жұмысы талап-арызбен жұмыс істеу, келісімшарт жобалары мен өзге де құжаттардың заңдылығын тексеру, кәсіпорынның құқықтары мен мүдделерін қорғау, құжаттарға заң сараптамасын жасау, жалпы айтқанда филиалдарды қоса алғанда кәсіпорынның қызметін жүзеге асыру барысында заңдылықтың сақталуын қадағалаумен сипатталады.
Сондай-ақ, департамент кадр ісін, заңдылыққа сәйкес әскери есепке алу және кәсіпорын қызметкерлеріне қатысты басқа да қажетті есептіліктерді, қызметкерлерді ынталандыру, марапаттауға ұсыну жұмыстарын жүргізеді.
Заң департаменті мемлекеттік сатып алуларды да жүргізеді: тиісті жылға мемлекеттік сатып алулар жоспарын жасақтау, түзету және орналастыру, мемлекеттік сатып алуларға қатысты конкурсты жариялаудан бастап, келісімшартқа қол қоюға дейінгі барлық рәсімдерді атқару департаменттің мойнында.
Заң департаментінің негізгі міндеті кәсіпорын қызметін жүзеге асыру барысында ағымдағы заңдылықтың бұзылуына жол бермеу.
Департамент директоры Шунаева Малика Нуржанқызы.