ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЖОЛ ЗЕРТХАНАСЫ
”Жол активтері ұлттық сапа орталығы» Алматы облыстық филиалының мамандары орталық аппаратпен бірлесе отырып, автомобиль жолдарына диагностика жасады. Арнайы құралдармен және құрылғылармен жабдықталған жылжымалы жол диагностикалық зертханасының көмегімен А-3 Алматы – Өскемен тас жолын бақылады. Тексеру кезінде автомобиль жолдарының жалпы сапасы мен жай-күйі анықталып, геометриялық параметрлері, техникалық сипаттамасы нақты көрсеткіштермен белгіленді. Бұл жұмыстар облыс аумағында әлі бірнеше күнге жалғасады.