26 қарашада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады.
Маңызды кездесу барысында биылғы жылдың 10 айында жүзеге асырылған мемлекеттік бағдарламалардың қорытындылары мен министрліктің басым бағыттары жайында есеп берілді. Мемлекет басшысына 2020-2025 жылдарға арналған индустриаландыру бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар егжей-тегжейлі баяндалды.