Көпфункционалды жылжымалы зертхананы жөндеу бойынша ресми жауап
«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК келесіні хабарлайды.
Mercedes-Benz Sprinter автомобилі базасында көпфункционалды жылжымалы диагностикалық жол зертханасын жөндеу жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізіледі.
2019 жылы 15 тамызда Ақшолақ ауылы (Жамбыл облысы) ауданындағы «Алматы – Ташкент – Термез» автожолында жол жабынын ақаулау (жарықтар, толқындар, қабыршықтану) бойынша жұмыстар жүргізу процесінде тапсырыс беруші, мердігер және кәсіпорын өкілдері қатарынан комиссия құрамында (барлық белгілер қойылды) DAF жүк автомобилінің жол жиегінде тұрған зертханасына шабуыл жасалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам қаза тапты, оның ішінде екі кәсіпорын қызметкері, біреуі жарақат алды.
Сот отырысының қорытындысы бойынша DAF жүк көлігінің жүргізушісі кінәлі деп танылып, 5 жылға сотталды.
Көпфункционалды жылжымалы диагностикалық жол зертханасының бастапқы теңгерімдік құны 52,5 млн. теңге, ЖКО кезіндегі қалдық құны - 22,5 млн.теңге. Тәуелсіз бағалау қорытындысы бойынша залалды жою құны 15 млн. теңге сомасында айқындалды.
Осыған байланысты, ұқсас сипаттамалары бар жаңа көпфункционалды жылжымалы диагностикалық жол зертханасының құны 170 млн. теңгені құрайтынын ескере отырып, оны қалпына келтіру туралы шешім қабылданды. Жөндеу кәсіпорынның меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.
Анықтама үшін:
Көпфункционалды жылжымалы диагностикалық жол зертханасы өлшеу құралдарының кешенімен жабдықталған және жол конструкцияларымен оның инфрақұрылымының жай-күйін аспаптық зерттеуге арналған.
Барлық сұрақтар бойынша баспасөз қызметіне 8 (7172) 739-739 телефоны бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз