Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында жаңа басшы
Жол активтері ұлттық сапа орталығының Ақтөбе және Маңғыстау облыстық филиалдарына жаңа басшы тағайындалды. Ұжымға филиал директорларын Бас директордың орынбасары Дархан Сақанов таныстырды.
Ақтөбе облыстық филиалын Малаев Тельман Жәдігерұлы басқаратын болады. Ол Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Жол қозғалысын басқару», Л.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясын «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын «Ақтөбе жолдары» ААҚ геодезист болып бастады. Содан кейін ол осы мекемеде шебер қызметін атқарды. 2006 жылдан бастап 2019 жылдың маусымына дейін «Ақтөбежол зертханасы» мемлекеттік мекемесінде құрылыс инженері болып жұмыс істеді. Осы уақытқа дейін Жол активтері ұлттық сапа орталығы Ақтөбе облыстық филиалында құрылыс бойынша жол инженері қызметін атқарып келді.
Таялиев Елтай Құспанұлы Маңғыстау облыстық филиал директоры болып тағайындалды. 1985 жылы Арқалық политехникалық техникумында «инженер-құрылысшы» мамандығын тәмамдаған, 2008 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технолгиялық университетін бітірген.
Автожол саласындағы жалпы еңбек өтілі – 25 жыл. Еңбек жолын ЖЭБ-42 жол шеберінен бастап, ЖЭБ-42 бас инженер болып істеген. «Қазақавтожол» РМК БҚОФ басқарма басшысы, «Батысжолзертхана» инженер, «Қазақавтожол» Атырау облыстық филиалында бас нженер қызметтерін атқарған. Соңғы атқарған қызметі – «Қазақавтожол» БҚОФ бас инженері.
Бас директордың орынбасары Дархан Сақанов филиал басшыларымен биылғы жылға қойылған міндеттерді талқылап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.