Ақмола облысы бойынша ҚР ИИДМ «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК филиалының жаңа директоры тағайындалды
ҚР ИИДМ «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Ақмола облыстық филиалының директоры болып жол-құрылыс саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар Талғат Қайратхан тағайындалды.Ұжымды жаңа директорды тағайындау туралы бұйрықпен ЖАҰСО Бас директорының орынбасары Арман Қайырбеков таныстырды. Арман Мерекеұлы бұрынғы директор Талғат Жүсіповқа атқарған жемісті жұмысы үшін алғысын білдіріп, оған ЖАҰСО Орталық аппаратында жаңа қызметте жемісті еңбек тіледі.
Талғат Қайратхан 1987 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. 2006 жылы «қаржы» мамандығы бойынша Павлодар құқық және қаржы колледжін, 2012 жылы Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясын «автожолдар мен әуеайлақтар құрылысы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2006 жылы «Қазақавтожол» РМК Павлодар облыстық филиалының ДЭУ-75 жетекші маманы ретінде бастады.
2015-2019 жылдары «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Павлодар облыстық филиалының бас маманы, пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.
2019-2022 жылдары «Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы» РМК Павлодар облыстық филиалының директоры қызметін атқарды.