Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы БАҚ өкілдері арасында конкурс жариялайды
2020 жылғы 7 қазаннан 7 желтоқсанға дейін баспа және электрондық БАҚ – та жарық көрген жол сапасының мәселелері мен жолдардың сапасын арттыру тақырыптарын жариялау бойынша жұмыстар, сондай-ақ телесюжеттер (тақырыптық телесюжеттер циклі), қабылданады.
Конкурсқа ұсынылатын жұмыстардың саны шектелмеген. Материалдар төмендегі номинациялар бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қабылданады:
1) «Үздік теледидар материалы»;
2) «Үздік радиоматериал»;
3) «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала»;
4) «Ғаламтор-БАҚ-тағы үздік жарияланым».
Конкурстың қорытындысы материалдарды қабылдау аяқталғаннан кейін шығарылады.
Байқаудың қорытындысын шығару кезінде қазылар алқасы келесі талаптарды басшылыққа алады:
1) белгіленген тақырыпқа сәйкестігі;
2) проблеманы талдау тереңдігі;
3) мазмұндау стилі;
4) авторлық тұжырымдаманың дербестігі.
Ескерту* Материалдар 2020 жылғы 7 қазаннан 7 желтоқсан аралығында жазылып және жариялануы керек. Жарияланған материалдардың ішінде «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК туралы, атқаратын қызметі және жолдардың сапасы туралы мәліметтер қамтылуы тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін материалдар jolsapapress@gmail.com электрондық поштасы арқылы қабылданады. Байланыс телефоны: +7 (7172) 739-739