info@sapaortalygy.kz
+7 (7172) 739 739
Рус
Қаз
En
Рус
Қаз
En
«ЖОЛ АКТИВТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ» РМК
  • Басты бет
  • Орталық туралы
    • Біз туралы
    • Басшылық
    • Құрылым
    • Нормативтік-құқықтық акт
    • Кадрлық саясат
    • Жолдарды тексеру
    • Жемқорлықпен күрес
    • Қоғаммен жұмыс
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құжаттар
    • Ведомстволық сараптаманың қорытындысы
    • Сатып алу қорытындылары
    • Жоспар кестесі
    • Жарғы
  • Біздің қызмет
    • Материалдар мен жұмыс сапасына сараптама жүргізу
    • Орташа жөндеу жұмыстарына сараптама
    • Жолдарды зерттеу және диагностика
    • Жаңа технологияларды енгізу
    • Бейне
  • Құрылымдық бөлімшелер
    • Сапа департаменті
    • Цифрландыру бөлімі
    • Мемлекеттік есепке алу департаменті
    • Жолдар мен көпірлерді диагностикалау бөлімі
    • Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі
  • Баспасөз орталығы
    • Жаңалықтар
    • Видео мен инфографика
    • Филиал баспасөз хатшыларымен байланыс
    • Бос орындар
    • Аттестация
    • Байланыс
    • Реквизиттер

Жаңалықтар

  1. Басты бет
  2. Баспасөз орталығы
  3. Жаңалықтар
  • 2019
  • желтоқсан
  • 2020
  • қаңтар
  • ақпан
  • наурыз
  • сәуір
  • мамыр
  • шілде
  • тамыз
  • қыркүйек
  • қазан
  • қараша
  • желтоқсан
  • 2021
  • наурыз
  • сәуір
  • мамыр
  • маусым
  • шілде
  • тамыз
  • қазан
  • қараша
  • желтоқсан
  • 2022
  • ақпан
  • наурыз
  • сәуір
Мектептегі мамандыққа бағдарлау дәрістеріне жұмысшыларды тартқан дұрыс
Мектептегі мамандыққа бағдарлау дәрістеріне жұмысшыларды тартқан дұрыс
23.02.2022

Мектептегі мамандыққа бағдарлау дәрістеріне жұмысшыларды тартқан дұрыс

Жоғары сынып оқушыларына мамандықты таңдауға қатысты кездесулерге мұғалімдер көңілі түскен адамды шақырады. Түлектер көп жағдайда инженер, технология саласына қатысты ақпаратты ала алмай жатады. «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» осыған байланысты жол мамандарын дәріптеу, осы мамандыққа сұранысты арттыру мақсатында білім ордаларын өздері аралауды қолға алған. «Былтыр «Мың мектеп» деген науқанды қолға алған едік. Еліміздегі мың мектептің жоғары сынып оқушыларымен кездесіп, жол саласына қатысты түсініктеме жұмыстарын жүргіздік. Ал биыл екі мың мектептің түлегімен кездесуді жоспарлап отырмыз. Ақтөбе облысындағы қырыққа жуық білім ордасында болдық. Оқушылардан «Кім боласың?» деп сұрасаң, әлі күнге дейін заңгер мен қаржыгер болғысы келетіндер көп. Бала көргені мен естігеніне қарай келешекке бағдар алады. Сары желет киіп, күрек ұстағанның бәрі жолшы емес. Жол құрылысына инженер де, зертханашы да, көлік жүргізуші мен қарапайым жұмысшы да керек. Жоғары оқу орнына мамандық таңдауға қатысты өз кәсібіміз туралы кеңестер береміз. Жолдың жайын білмесе ол мамандықты қайдан таңдасын?»-дейді «ҚР Құрметті жолшы» төсбелгісінің иегері, инженер Талғат Бижанов. Отыз жылдан астам жол саласында еңбек етіп келе жатқан инженер жол саласы мамандығын таңдаудан қыздар да қорықпау керектігін айтады. Ер азаматтармен бірге еңбек етіп жүрген әріптес-қарындастарын мақтан етеді. «Жол саласында тек ерлер жұмыс істеу керек деген дұрыс емес. Біздің мекемеде Райгүл Миралинова деген инженер әріптесіміз бар. Ол қызметін зертханадан бастады. Сол жерде асфальт, битум, қиыршық тас құрамдарын зерттеп, сапасы мен беріктігін қадағалаудан өткізеді. Мектепке кездесуге барғанда оқушы қыздарым «бізге жол саласында жұмыс істеуге бола ма?», — деп атады. Осы әріптесімді үлгі ретінде айтып жатамын», — дейді Ақтөбе облыстық Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» филиалының инженері Талғат Бижанов. Дереккөзі: Oiyl.kz
Тізімге оралу

Орталық туралы

  • Біз туралы
  • Басшылық
  • Құрылым
  • Нормативтік-құқықтық акт
  • Жолдарды тексеру
  • Жемқорлықпен күрес
  • Қоғаммен жұмыс

Біздің қызмет

  • Материалдар мен жұмыс сапасына сараптама жүргізу
  • Орташа жөндеу жұмыстарына сараптама
  • Жолдарды зерттеу және диагностика
  • Жаңа технологияларды енгізу

Департаменттер

  • Сапа департаменті
  • Заң департаменті
  • Сандық жүйе департаменті

Баспасөз орталығы

  • Жаңалықтар
  • Инфографика
  • Филиал баспасөз хатшыларымен байланыс

Бос орындар

  • Бос орындар

Бізбен байланыс

  • Бізбен байланыс

Байланыс

  • «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ШЖҚ РМК
  • Нұр-Сұлтан қаласы, Жеңіс даңғылы 29/1,
    тел: +7 (7172) 739 739
    қабылдау бөлімі: +7 (7172) 739 777
    info@sapaortalygy.kz