Сапалы жол – қауыпсіздік кепілі
Зертхана арнайы құрылғылармен жабдықталған. Зертханашы Елена Гутовская қолданыстағы инертті материалдың сынамасын алып, талапқа сай болуын тексеріп жатыр.
Зертханашы Ольга Ерошенко бетонды тастың төзімділігін тексеру үстінде. Зертханалық жұмыс барысында жол құрылысына қолданылатын материалдың талапқа сай екені анықталды.
«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» былтыр маусым айында құрылған болатын. Былтыр облыс аумағындағы республикалық және облыстық маңызға ие жолдардың сапасын бақылау мақсатында инженерлер құрылыс жүріп жатқан жерлерге барып, 600 ге жуық сынама алды. Жолдың геометриалық өлшемдерінің талапқа сай болуы, нормативтік және техникалық нормалардың сақталуы да қадағаланды. Осы тексерулердің нәтижесінде 371 кемшілік тіркеліп, 71 сынаманың құрылысқа жарамсыз екені анықталды.
Мердігер олқылықты өз есебінен түзеуге міндеттеледі. Мақсат – мемлекет қаржысын тиімді жұмсау, жауапкершілікті күшейту.
Елімізде көліктік инфрақұрылымын дамытуға мемлекет мейілінше қолдау көрсетіп жатыр. Жалпы облыста былтыр 500 шақырым жолды орташа жөндеуге 16 млдр теңге бөлінген.Биыл Денисов, Лисаков, Тобыл, Рудный, Сарыкол, және Арқалық қаласынд ауқымды инфрақұрылымдық жобалар іске асырылады. 64 шақырым жол пайдалануға берілмек. Ал мұндай зетрханалық жұмыстар жолдардың сапасын қадағалауға мүмкіндік бермек. Ал, сапалы жол- қауіпсіздік кепілі екені аян.
kostanaytv.kz