Кәсіби бағдар беру - басты міндетіміз!
"Жол Активтерінің Ұлттық сапа орталығы" РМК Шымкент филиалының директоры Мұхтар Дүйсенбеков бастап, мамандар мен бірлесе Шымшаһардағы Б.Момышұлы атындағы №120 жалпы орта білім беретін мектебіне ат басын бұрды.
№59 жалпы орта білім беретін мектебіне барған бас маман Меруерт Медетова пен 1-санаттағы зертханашы Құрас Андас 10-11 сынып оқушыларына жол саласын меңгеру үшін қандай мамандыққа оқуға түсуге болатындығын түсіндірді.
Кәсіби бағдар беру мақсатында "Жол Активтерінің Ұлттық Сапа орталығы" РМК Шымкент филиалы мамандары №106 Қайнарбұлақ жалпы орта білім беретін мектебінде де болып, 11-сынып оқушыларымен жүздесті. Мұндағы мақсат - алтын ұя мектебімен қоштасып, жоғары оқу орнына түсетін мектеп шәкірттеріне ертеңгі күні елдің бір тірегі болатын әрі сапалы маман атануы үшін кәсіптік білімге ден қою керектігін түсіндіру болатын. Оқушылар жолды сапалы етіп салатын мамандар қатарына қосылуға ниетті екендіктерін, сұрақ-жауап алмасу кезінде байқатты.