Бүгінгі күні Жол салушы мамандығына сұраныс үлкен
Бүгінгі күні Жол салушы мамандығына сұраныс үлкен болғанымен, мектеп түлектерінің аталмыш мамандыққа құлшынысы төмен екендігі белгілі. Осы олқылықтың орнын жою мақсатында бүгін Жол активтері ұлттық сапа орталығының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры Жолдыбай Тентеков Петропавл қаласындағы Қазақ мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушылары арасында осы мамандық төңірегінде әңгіме өрбітті.
Жол салушы мамандығының артықшылықтары, берер мүмкіндіктері туралы кең әрі қызықты ақпарат берілді. Оқушылар өз тарапынан бей-жай қалған жоқ, қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап ала алды.