Автожолшылар осы жылды қорытындылап, келер жылдың жоспарымен
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Автожол саласында биыл атқарылған жұмыстың қорытындысы және 2023 жылға жоспар» атты тақырыпта брифинг өтті. Аталған іс-шараға ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасы, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Бас директоры және «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Басқарма төрағасы қатысты.
ЖАҰСО Бас директоры Замир Сағынов кәсіпорынның жұмысы туралы айтып кетті. Осы жылы Сапа орталығы жол-құрылыс материалдарының 29 мың үлгілерінен сынама алды, олардың 9 мыңы республикалық желі болса, 20 мың сынама жергілікті желіге тиесілі. Соның ішінде 7,3 мың материалдар сынамасы немесе 24% белгіленген нормативтік талаптарға сәйкес келмейді. Республикалық желі бойынша 13% (1 166), жергілікті желі бойынша 30% (6 234) сәйкессіздік анықталды. Сонымен қатар, жергілікті желі бойынша іске асырылатын барлық жобалардың небәрі 63% сапа сараптамасымен қамтылған, ал республикалық жолдар бойынша барлық жобалар қамтылды.
З.Сағынов көптеген қызметкерлерінде профильді жолшы мамандығы жоқ техникалық қадағалау қызметтерінің дұрыс жұмыс істемеуін негізгі мәселелердің бірі деп атады. Сонымен қатар, көбінесе сол бір техникалық қадағалау маманы жол нысандарында да, азаматтық құрылыс нысандарында да жұмыс жасай береді. Техникалық қадағалауда орын алған бұзушылық фактілері бойынша өңірлік Мемлекеттік сәулет құрылысы басқармаларына өтініштер жолдануда. 2020 жылдан бері Сапа орталығының жолдаған өтініштері бойынша 81 техникалық қадағалау қызметі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 56 инженерлердің аттестатты тоқтатылды, сондай-ақ 4 мердігер ұйым жол құрылыс жұмыстарын жүргізу лицензиясынан айырылды (2020 ж. – 2, 2022 ж. – 2). Жалпы салынған айыппұл сомасы 110 миллион теңге.
Өз баяндамасында ЖАҰСО Бас директоры З.Сағынов жол битумының сапасы мәселесін де айтып кетті: «Осы жылы Сапа орталығы мұнай өңдеу зауыттары мен асфальт зауыттарынан және битум қоймаларынан 900-ге жуық жол битумының үлгісін сынады, оның ішінде 232 сынама (26%) сапа стандарттарына сәйкес келмейді (178 немесе 77% уақытқа төзімділігі бойынша сәйкес келмейді). Осыған байланысты, битум сапасының мәселелерін терең зерттеу үшін ҚР ИИДМ Автожол комитетінің тапсырмасына сәйкес Сапа орталығының базасында битумды және полимерлі-модификацияланған битумды байланыстырғыштарды зерттеу жөніндегі орталық зертхана құрылды, ол заманауи жабдықтармен жарақтандырылуда.»
Орталық «Назарбаев Университеті» профессорларымен бірлесе, еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі нақты көліктік-пайдалану және климаттық жағдайларды ескере отырып, асфальтбетонның беріктік сипаттамаларын арттыру, жөндеуаралық қызмет мерзімін ұлғайту бойынша шетелдік тәжірибені зерделеуде. Сондай-ақ, Л.Н. Гумилеватындағы ЕҰУ-мен бірге цемент-бетон жабыны бар автожолдарда ақаулардың пайда болу себептерін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде, қорытындысы бойынша қолданыстағы нормативтерге өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар берілетін болады -, деп түйіндеді өз сөзін З.Сағынов.
ҚР ИИДМ «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК баспасөз қызметі 8 7172 739 739