26 қарашада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады.
26 қарашада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады.Маңызды кездесу барысында биылғы жылдың 10 айында жүзеге асырылған мемлекеттік бағдарламалардың қорытындылары мен министрліктің басым бағыттары жайында есеп берілді. Мемлекет басшысына 2020-2025 жылдарға арналған индустриаландыру бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар егжей-тегжейлі баяндалды. Министр жыл басынан бері «Нұрлы жол» бағдарламасының шеңберінде жалпы ұзындығы 2,6 мың шақырым автомобиль жолы пайдалануға берілгенін атап өтті. Еларалық жүк тасымалы да өскен. Атап айтқанда, Қытай-Еуропа-Қытай бағытындағы тасымал 61,6 пайызға артқан, деп атап көрсетті Б.Атамқұлов.
Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбіт Атамқұловқа жергілікті жерлердегі жолдарды жөндеу, арендалық баспана құрылысын арттыру, сондай-ақ, ведомствоның негізгі бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді. Айта кету керек, бүгінге дейін жалпы ұзындығы 399 шақырым болатын республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қалыпқа келтірудің 8 учаскесі қолданысқа берілді. Құрылыс еліміздің 7 өңірінде аяқталған.
Осы ретте бүкіл республика көлеміндегі осындай ауқымды жұмыстардың тыңғылықты атқарылуына Автомобиль жолдары ұлттық сапа орталығы РМК да айтарлықтай үлес қосып жатқанын атап өткен жөн. Мәселен, биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша Орталық:
1. 26 400-ге жуық жол-құрылыс материалдарынан сынама алды;
2. Соның ішінде 6 112-сі талапқа сәйкес еместігі анықталған;
3. Сондай-ақ 9 312 кемшіліктер (талапты бұзушылықтар) анықталды.
4. Жол берілген кемшіліктерді жою мақсатында 2,5 млрд теңгеден астам соманы құраған қайта құру жұмыстары ұсынылды;
5. Бүгінде оның 2 млрд теңгеден астам сомасы көлеміндегі жұмыстары абыройлы атқарылып, кемшіліктер жойылды.
6. Ұлттық сапа орталығы елімізде алғаш рет республика көлемінде 16 мың км жолдарға диагностика жүргізіп жатыр.
7. Қазір соның 10 мың шақырымын зерттеуден өткіздік.
8. Тексерілген жолдардың 78%-ы тегістігі бойынша талапқа сай.
9. Ал, 50%-ы қауіпсіз болып саналатыны анықталды.
Қорыта айтқанда, ҚР Президенті Қ-Ж. Тоқаев жолшылар алдына қойған міндеттерді Автомобиль жолдары ұлттық сапа орталығы РМК өз жұмысында басшылыққа алып, алдағы жылы да жігерлі іс-қимылға жұмылатынын атап айтқым келеді.