Мемлекеттік есеп департаменті-жолдар мен көпірлерді диагностикалау бөлімі
Жолдар мен көпірлерді диагностикалау бөлімі келесі міндеттер мен функцияларды жүзеге асырады:
− автомобиль жолдары мен құрылыстарды диагностикалау және аспаптық тексеру (жұмыс өндірісін жоспарлау, ақпаратты жинақтау, ұсыну нысандарын талдау және жол активтерін басқару жүйесіне деректерді жүктеу, филиал қызметкерлеріне нормативтік-техникалық консультация беру, инженерлерді оқыту және біліктілігін арттыру);
− автомобиль жолдарын паспорттауды жүргізу (жолдардың болуы, олардың ұзындығы, техникалық жай-күйі, жолдың техникалық паспортын, желілік кестені, жасанды құрылыс карточкаларын және жол жүрісін ұйымдастыру кестесін қамтитын Жол деректері базасы туралы объективті деректерді қалыптастыру);
− жылжымалы жол зертханаларының және олардың құрамдастарының жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету (калибрлеу және тексеру, ұстау, жөндеу, консервациялау, сақтандыру);
− жолдар мен құрылыстардың көліктік-пайдалану жай-күйі туралы бірыңғай ақпараттық деректер банкін құру, әкімшілендіру және басқару;
−жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын және елді мекендердің көшелерін салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жаңа технологиялар мен материалдарды қолданудың техникалық-экономикалық көрсеткіштерін зерттеуге және қарауға қатысу;
−жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын және елді мекендердің көшелерін жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау бойынша шығарылатын нормативтік-техникалық құжаттаманы қарау және келісу.