Орталық жол сапасынан бөлек, жемқорлықпен де күресіп келеді. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесе отырып, орталық жанынан «Сапалы жол –адалдық алаңы» жобалау кеңсесі ашылған болатын.
Бұл кеңсенің мақсаты - орталық қызметінде комплаенс (сәйкестік) саясаты мен адалдық ұстанымдарын орнату. Жобалау кеңсесінің негізгі бағыты – автомобиль жолдарының құрылысы, қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары кезінде жұмыс пен материалдар сапасын ашық түрде бақылау болып отыр. Бұл іске азаматтық қоғам мен агенттік өкілдері де тартылады.
"Сапалы жол - адалдық алаңы" кеңсесі мен филиал қызметкерлері бірлесе отырып, жол сапасына қатысты заң бұзушылықтарды анықтау мақсатымен рейд ұйымдардырды. Осы рейд қорытындысы бойынша БАҚ және әлеуметтік желілерде 198 материал жарық көрді.