Орталық мамандары Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларымен кездесті
«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының өкілдері Атыраудағы Назарбаев зияткерлік мектебінің жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдау бойынша кәсіби бағыт бағдар берді.
Филиал зертханасының меңгерушісі Жантас Шариповтың айтуынша, жол салушы мамандығы қазір үлкен сұранысқа ие. Республикада жыл сайын жүздеген және мыңдаған шақырым республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары салынады және жөнделеді. Сондықтан жол шеберлері, құрылыс инженерлері, инженер-сметашы, зертханашылар, асфальтбетон жұмысшылары, асфальт төсегіштер, автогрейдерлер, механизаторлар, қайта өңдеушілер, арнайы техниканың жүргізушілері геодезисттер, картографтар, метеорологтар, механиктер, токарьлар, дизайнерлер, ғалымдар және т.б. мамандар қажет.
Елімізде 30-ға жуық ЖОО мен 50-ге тарта колледждер жол саласы бойынша мамандарды дайындайды. Мемлекет жол жұмысшыларына жоғары оқу орындары мен колледждерде тегін оқуға көптеген гранттар бөлуде. Сонымен бірге, шәкіртақылар төленеді. Кезедсуге қатысқан Назарбаев зияткерлік мектебінің жоғары сынып оқушылары жол саласына қызығушылықтарының жоғары екенін байқатты. Мамандардан жол салу және сапасы төңірегінде көкейде жүрген сауалдарын жолдап, жауап алды.
Сөз соңында Жантас Шарипов жақсы маман қай жерде сұранысқа ие екенін, еңбегі бағаланатынын, сонымен бірге жақсы жалақы алып, жақсы жерде жұмыс жасауға мүмкіндігі барын айтып, болашақ түлектерді жол саласының маманы болуға шақырды.