Елімізде жол салушы мамандығы қазір үлкен сұранысқа ие
Республикада жыл сайын жүздеген және мыңдаған шақырым республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары салынады және жөнделеді. Білікті мамандар әрдайым қажет.
Осыған орай, «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Шымкент қаласы бойынша филиалы мамандары Шымкент қаласындағы М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп гимназиясында бітіруші түлектер яғни 11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.
Іс-шара мақсаты қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдау мүмкіндігін түсіндіру болып табылады.