Кәсіби бағдар беру жұмыстары жалғасуда
Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау десек қателеспейміз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл өте жауапкершілігі мол әрі маңызды іс.
Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар екен. Соның бірі - жол салушы мамандығы. Атаулы кәсіптің қыры сырын, Қостанай ауданы №4 орта мектебінің 9-11 сынып оқушыларына, Жол активтері ұлттық сапа орталығының Қостанай облыстық филиалының директоры Алшинбаев Абылайхан айтып берді.
Жас буынды толғандырған сұрақ көп болды, зертхана жұмысымен танысуға да қызығушылық білдірді.