Жол жөндейтін маман тапшы
Жолдың мәселесін көтергенмен осы саладағы олқылықтың бірі - жолшылардың жоқтығы ескерілмейді. "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" филиалының зертхана меңгерушісі Нұрхат Балғабаев бүгін №6 мектепке барып, оқушылармен кездесті.
Мақсат - жол саласына жастардың қызығушылығын арттырып, маман тарту. Жоғарғы сынып оқушыларына бұл саланың ерекшелігін айтып, жол сапасына қатысты ақпараттармен бөлісті. Қазіргі күні өңірде білікті инженерлерден бөлек,жол құрылысымен айналысатын мердігер компанияларда механизаторларға дейін жетіспейді.
Орталық мамандары өткен жылы 732 рет республикалық және жергілікті маңызы бар жол сапасын бақылауға шығып,123 құқық бұзушылық анықтаған. Биыл филиал республикалық маңызы бар қайта жөндеуден өтетін жолдарды тексеруге алмақ.