Шымкент жол жүйесін жақсартуға 3,3 млрд. теңге бөлу көзделген
2019 жылы республикалық бюджеттен Шымкент қаласының көше-жол желісін жақсартуға 2,2 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде 1,4 млрд. теңге 2 көпірдің және 1-көше жалғасының құрылысына, 800 млн. теңге 1-көпір мен 2 көшені реконструкциялауға бөлінді.
Биыл бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 3,3 млрд. теңге көзделген, оның ішінде 1,5 млрд. теңге 1 көпір құрылысына, 2 көше жалғасының құрылысына, 1,8 млрд. теңге 1 көпір мен 1 көшені реконструкциялауға көзделген. Атап айтқанда, Қонаев көшесі құрылысын жалғастыру, Шымкент қаласындағы ет комбинаты ауданындағы Бадам өзеніндегі автожол көпірін, А-2 Қорғас-Алматы-Шымкент- Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекарасы автожолын қайта жаңарту қарастырылған.
Бүгінгі таңда Шымкент қаласында көше-жол желісінің жалпы ұзындығы 2 976,6 шақырымды құрайды. Оның ішінде 1758,1 шақырым асфальт-бетон, 1107 шақырым қиыршық жабынды, 111,5 шақырым топырақ жол. Жалпы қаланың көше-жол желісінің 56,5% жақсы және қанағаттанарылық жағдайда.