Атамекен бизнес арнасының бағдарламасында
Атамекен бизнес арнасының «Время говорить» бағдарламасында Жол активтері ұлттық сапа орталығы Даму департаменті директоры Дәулет Аспанбетов қонақта болды.
Талқыланған негізгі тақырып – жолдардағы қауіпсіздік мәселесі.
Алдында айтып өткеніміздей, Швеция астанасы Стокгольмда жол қауіпсіздігі бойынша үшінші дүниежүзілік конференция өткен болатын, оған Даму департаменті директоры Д. Аспанбетов қатысты.
Бүгінгі бағдарламада конференцияда талқыланған дүниежүзі елдерінің жол қауіпсіздігі тәжірибесімен бөлісіп, алдағы уақытта елімізде қауіпсіздік мәселесін арттыру бойынша жасалынатын жұмыстарды айтты.