Мемлекеттік университеті құрылыс факультететінің студенттерімен кездесу
Жол активтері ұлттық сапа орталығы Түркістан облыстық филиалы ұжымы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті құрылыс факультететінің 1-курс студенттерімен кездесті.
Жол саласына білікті кадрлар қашан да қажет екенін, бұл мамандықтың маңызы мен міндетін, нарықта сұранысқа ие екенін айтты. Филиал директоры Мұхит Тұрмысбекұлы Ахметов: "Елімізде жыл сайын жүздеген және мыңдаған шақырым республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары салынады және жөнделеді. Сондықтан нарықта кадр жетіспеушілігі бар. Олар: жол шеберлері, құрылыс инженерлері, инженер-сметашы, зертханашылар, асфальтбетон жұмысшылары, асфальт төсегіштер, автогрейдерлер, механизаторлар, қайта өңдеушілер, арнайы техниканың жүргізушілері және басқалар. Бұл негізгі жол салуға керекті мамандар. Сонымен қатар геодезия мамандары, картограф, метеоролог, механик, токарь, дизайнерлер керек"-деді.