18 шақырым жолдың сапасы төмен
Жол активтері ұлттық сапа орталығы Алматы облыстық филиалының қызметкерлері "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының тапсырысымен республикалық маңызға ие «Алматы – Көкпек – Шонжы – Қорғас» автожолының 154-172 шақырым аралығына ведомстволық сараптама жүргізді.
Нәтижесінде жол сапасына қатысты көптеген кемшіліктер анықталды. Тексерілген он сегіз шақырым жол орташа жөндеуді талап етеді. Ақаулардың барлығы анықталып, тапсырыс беруші «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына тиісті ақпараттық анықтама жолданды.