Сапа департаменті кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Департаменттің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
- бекітілген регламентке сәйкес мердігерлердің, техникалық қадағалау қызметтерінің және кәсіпорынның аумақтық бөлімшелерінің автомобиль жолдарындағы жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру және ұйымдастыру;
- мердігердің, техникалық қадағалау қызметтерінің, авторлық қадағалау мен кәсіпорынның аумақтық бөлімшелерінің автомобиль жолдарындағы жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жасау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру әдістерін жетілдіру;
- автомобиль жолдарын жөндеу және салу сапасы бойынша жол саласындағы нормативтік-техникалық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау;
- автомобиль жолдарын жөндеуде және салуда пайдаланылатын жаңа технологиялар мен материалдар базасын қалыптастыру;
- автомобиль жолдарын жөндеу және салу кезінде жаңа технологиялар мен материалдарды қолданудың негіздемесі.